Мирослав Ромащенконың алғашқы ойыны: «Тобыл» – «Каспий» матчын қайдан және қай уақытта көруге болады?
Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының иегері «Тобыл» өз алаңында Премьер-лигаға қайта оралған «Каспийді» қабылдайды.
Командалардың мәртебесі әртүрлі болғанымен, қазір турнир кестесінде қатарлас орналасқан. Оның үстіне, екі клуб та жақында бас бапкерін ауыстырды.
«Каспийдің» тізгінін ұстаған Ерлан Шойтымов Алматыдағы кездесуде командасымен алғашқы ойынын өткізіп үлгерсе, Мирослав Ромащенко «Тобылдың» бас бапкері ретіндегі алғашқы ресми матчын өткізгелі отыр.
Матч сағат 16:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы Sport+ сайты мен sportplustv.kz платформасында көрсетіледі.