«Челси» бас бапкерсіз, бірақ кубокқа деген үміті бар: «Челси» – «Лидс» матчын қайдан және қай уақытта көруге болады?
«Челси» осы маусымда екінші рет бас бапкерсіз қалды. Команда «Брайтоннан» 0:3 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін Лиам Росеньор қызметінен босатылды.
Енді лондондық клуб жаңа бапкерсіз-ақ Англия кубогындағы шешуші кезеңге қадам баспақ. Бұл турнирдегі жеңіс сәтсіз өткен маусымның өкінішін аз да болса жеңілдетуі мүмкін.
Финал жолында «Челсиді» бабына келе бастаған азулы «Лидс» күтіп тұр. Ал шешуші матчқа жолдама алған жағдайда оларды финалда Пеп Гвардиола жаттықтыратын «Манчестер Сити» қарсы алады.
Кездесу сағат 19:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.