logo

«Алтай» «Рубиннің» бұрынғы қақпашысымен толықты

«Алтай» «Рубиннің» бұрынғы қақпашысымен толықты

Өскеменнің «Алтайы» 31 жастағы ресейлік қақпашы Иван Коноваловпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коновалов — Мәскеудің «Спартак» академиясының түлегі. Оның соңғы клубы Минскінің «Динамосы» болды.

Қақпашы мансабында Қазанның «Рубині», Екатеринбургтің «Уралы», шотландиялық «Ливингстон», Қостанайдың «Тоболы», әзербайжандық «Туран Товуз», сондай-ақ Минскінің «Динамосы» сапында өнер көрсеткен.



Күн шежіресі