Сергей Хижниченко Премьер-лигаға қайта оралады
2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша 2026 жылғы маусымда Премьер-лигада өнер көрсету құқығына ие болған «Алтай» футбол клубы шабуылшы Сергей Хижниченкомен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Премьер-лигада соңғы рет 2022 жылы «Ақсу» клубының сапында алаңға шыққан болатын.
Сондай-ақ «Алтай» Алмас Сапарғалиевпен және Аслан Жанұзақовпен де келісімшарттарын ұзартты.