«Елімай» африкалық шабуылшының тағдырын шешті
Семейлік «Елімай» 31 жасар тоголез шабуылшы Фессу Плаккамен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Фессу Плакка швейцариялық «Серветт», бельгиялық «Беерсхот» пен «Льерс», беларусьтік «Шахтёр Солигорск» және оңтүстік кореялық «Чоннам Дрэгонс» клубтарында өнер көрсеткен. Того құрамасында оның есебінде 34 ойын және 9 гол бар.
Өткен маусымда ол «Елімай» сапында 27 матчқа шықты және 11 гол соқты.