logo

Жаңа жылды турдың орталық матчынан бастаймыз. «Жил Висенте» – «Спортинг» ойынының тікелей эфирі

Жаңа жылды турдың орталық матчынан бастаймыз. «Жил Висенте» – «Спортинг» ойынының тікелей эфирі

Португалия чемпионатының 2026 жылғы трансляциялары Sport+ телеарнасында 17-турының орталық матчымен басталады. Бұл ойында ТОП-4 қатарына кіретін екі команда — «Жил Висенте» мен «Спортинг» кездеседі.

Алаң иелері соңғы уақытта жанкүйерлерін жиі қуанта алмай жүр: соңғы 6 турда 5 тең ойын және 1 жеңіліс тіркеді. Дегенмен маусым басындағы сәтті ойындарының арқасында команда әлі де еурокубок аймағында тұр.

Ал «Спортинг» қазір турнир кестесінің көшбасшысы «Портуның» басты бәсекелесі саналады — арадағы айырмашылық 5 ұпай. Руй Виллиана шәкірттері соңғы үш турда үш жеңіске жетіп, қарсыластарын жалпы есепте 14:1 есебімен ұтты. Колумбиялық Луис Суарес чемпионаттың үздік сұрмергені атағында Вангелис Павлидиске жетіп, екеуі де 14 голдан соғып, көш бастап тұр.

«Жил Висенте» — «Спортинг» матчы 2 қаңтар күні сағат 23:45–те басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі