«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді
Алматылық «Қайрат» 4–15 қаңтар аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 қаңтарда команда Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, маусымаралық кезеңдегі алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды. Абу-Дабидегі дайындық 15 қаңтарға дейін жалғасып, оңтайлы физикалық қалыпқа келу мен ресми матчтарға дайындыққа бағытталады.
Оқу-жаттығу жиыны аясында «Қайрат» екі жолдастық матч өткізеді:
9 қаңтар – Әзербайжанның «Нефтчи» клубына қарсы
14 қаңтар – Хорватияның «Вараждин» клубына қарсы
Еске сала кетейік, 20 қаңтарда «сары-қаралар» Астанада бельгиялық «Брюгге» клубымен ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда ағылшынның «Арсеналына» қарсы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты өткізеді.