Чемпиондық атақ үшін шешуші шайқас: «Галатасарай» – «Фенербахче» матчын қайдан және қай уақытта көруге болады?

Чемпиондық атақ үшін шешуші шайқас: «Галатасарай» – «Фенербахче» матчын қайдан және қай уақытта көруге болады?

Түркия Суперлигасының турнир кестесінде көш бастап тұрған екі Стамбұл клубы – «Галатасарай» мен «Фенербахче» осы турда өзара кездеседі. Егер соңғы турда «Фенербахче» ұпай жоғалтпағанда, екі команда арасындағы айырмашылық тіптен аз болар еді.

Соған қарамастан, бұл матч чемпиондық тағдырын айқындайтын басты кездесу болғалы тұр. Егер «Галатасарай» жеңіске жетсе, қарсыластарына қолжетпес басымдыққа ие болады. Ал жеңіс «Фенербахченің» еншісіне бұйырса, Тедеско шәкірттері маусымның шешуші сәтінде психологиялық басымдыққа ие болмақ.

Кездесу сағат 22:00-де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.



Күн шежіресі