logo

Кубоктың жартылай финалында баск дербиі: «Атлетик Бильбао» — «Реал Сосьедад» матчының тікелей эфирі

Кубоктың жартылай финалында баск дербиі: «Атлетик Бильбао» — «Реал Сосьедад» матчының тікелей эфирі

Испания Кубогының алғашқы жартылай финалдық жұбында Баск елінің екі командасы — «Атлетик» (Бильбао) пен «Реал Сосьедад» кездеседі.

Өткен маусымды сәтті өткізген «Атлетик» қазір турнирлік кестеде 10-орында тұр, сондықтан Кубок финалына шығу — маусымды сақтап қалудың тамаша мүмкіндігі. Ал Ла Лига кестесінде «Реал Сосьедад» 8-орында келеді. Команданы жаңа бас бапкер, америкалық Пеллегрино Матараццо жаттықтырады, оның жетекшілігімен ұжым әлі жеңілген жоқ — 8 матч, 6 жеңіс, 2 тең ойын.

Бұл қарсыласудың алғашқы ойыны 11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні сағат 01:00–де өтеді.

Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі