«Комо» «Наполиді» жарыстан шығарып, Италия кубогының жартылай финалына өтті (видео)
«Комо» Италия кубогының ширек финалында «Наполиді» жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында қонақтар 7:6 есебімен басым түсті.
Матчтағы есепті 39-минутта Батурина пенальтиден ашты. Үзілістен кейін бірден Вергара таразы басын теңестірді. 11 метрлік соққылар сериясында «Комо» салқынқандылық танытып, турнирдің келесі кезеңіне өтті.