«Қайрат» Дастан Сатпаевсыз қалды
Шабуылшы Дастан Сатпаев Түркияда өтетін «Қайрат» командасының оқу-жаттығу жиынына қатыспайды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медициналық көрсеткіштер бойынша шабуылшы емін Қатарда жалғастырып, одан кейін Алматыда командаға қосылады.
«Қайрат» маусымды Астанада «Тобыл» командасына қарсы Қазақстан Суперкубогы үшін матчпен бастайды.