logo

«Болонья» өз титулын қорғауда. «Болонья» — «Лацио» ойынының трансляциясы

«Болонья» өз титулын қорғауда. «Болонья» — «Лацио» ойынының трансляциясы

Қазіргі Италия Кубогының иегері «Болонья» турнирдің жартылай финалына шығу құқығы үшін «Лациомен» кездеседі.

«Болонья» А Сериясының турнирлік кестесінде төмен сырғып бара жатқанына қарамастан, Италия Суперкубогының финалында ойнады және Кубокта да өте сенімді өнер көрсетіп келеді.

Олардың жолында — Мауро Сарридің жетекшілігімен кезекті қайта құру кезеңін бастап жатқан римдік команда. Қаңтар айында «Лацио» сапына Кенет Тейлор, Петар Ратков, Даниэль Мальдини және Диего Гонсалес қосылды, енді оларды команданың ойынын күшейту қажет.

Осы маусымда командалар А Сериясында бір рет кездескен. 2025 жылдың желтоқсанында Римде өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталған.

Енді қос команда кубок аясында қайта жолығады. Ойын 11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні сағат 01:00–де өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі