Кубок финалы: «Челси» — «Манчестер Сити» матчының трансляциясы
16 мамыр күні Англия Кубогының финалы өтеді. Финалда «Челси» мен «Манчестер Сити» кездеседі.
«Ақсүйектер» үшін бұл — келесі маусымдағы еурокубоктарға жолдама алудың соңғы мүмкіндігі. Себебі АПЛ-дегі маусым сәтсіз өтті, тіпті бір жыл ішінде бапкердің екі рет ауысуы да жағдайды өзгерте алмады.
Алайда олардың жолында ішкі турнирлерде жеңіс сериясын жалғастырып келе жатқан және Ағылшын Премьер-лигасының чемпиондығы үшін «Арсеналмен» таласып жатқан «Манчестер Сити» тұр.
«Челси» үшін Пеп Гвардиоланың шәкірттеріне қарсы матчтар оңайға соқпай жүр — «көгілдірлер» қатарынан 13 матч бойы жеңіске жете алмай келеді.
Матчтың басталуы — сағат 19:00–де. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.