logo

Конькимен жүгіруден Әлем кубогы: Надежда Морозова жалпы есепте үздік бестікке енді

Конькимен жүгіруден Әлем кубогы: Надежда Морозова жалпы есепте үздік бестікке енді

Инцелль қаласында (Германия) конькимен жүгіруден Әлем кубогының шешуші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жарыстың нәтижесі спортшылардың Әлем кубогының жалпы есебіндегі орындарына әсер етті.

Надежда Морозова Қазақстан құрамасы сапында рейтингте ең жоғары нәтиже көрсетті. 3000 метр қашықтықта ол бесінші орында мәреге жетті. Сондай-ақ Морозова 1500 метрде де үздік ондыққа еніп, алтыншы орынды иеленді.

500 метр қашықтықта Кристина Силаева оныншы орынды сақтап қалды. Осы дисциплинада Евгений Кошкиннің үздік бестікке енуге мүмкіндігі жоғары болды. Германиядағы кезеңге дейін ол жалпы есепте жетінші орында тұрған еді.

Турнирдің алғашқы күнінде Кошкин төртінші орын алып, рейтингтегі жағдайын жақсартты. Алайда Әлем кубогының соңғы күні ол ереже бұзып, ұпайсыз қалды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы үздік ондықтан шығып, 11-орынға түсті.

Әйелдер арасындағы командалық із кесу жарысында Қазақстан құрамасы Әлем кубогын сегізінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі ірі халықаралық жарысы — 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындары болмақ.