Анастасия Городко фристайл-могулдан Канададағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте бесінші орын алды
Фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы Канаданың Валь-Сент-Ком қаласында өткен Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Команда сапында ең үздік нәтижені Анастасия Городко көрсетті. Жарыстың алғашқы күнінде ол бесінші орынға тұрақтады. Кейін параллельді могул сайысында да бесінші орын алды.
Қазақстан құрамасының нәтижесі
Могул
— Анастасия Городко — 5-орын
— Юлия Галышева — 15-орын
— Аяулым Әмренова — 18-орын
— Юлия Феклистова — 41-орын
— Павел Колмаков — 28-орын
— Максим Емельянов — 33-орын
— Антон Бондарев — 34-орын
— Фёдор Бугаков — 40-орын
— Семён Русаков — 47-орын
Параллельді могул
— Анастасия Городко — 5-орын
— Юлия Галышева — 17-орын
— Аяулым Әмренова — 36-орын
— Юлия Феклистова — 38-орын
— Павел Колмаков — 7-орын
— Максим Емельянов — 32-орын
— Фёдор Бугаков — 40-орын
— Антон Бондарев — 50-орын
— Семён Русаков — 53-орын