Қазақстандық биатлоншылар Франциядағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады
Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир барысында жүлделер үш дисциплина бойынша сарапқа салынды: спринт, із кесу және масс-старт.
Спринт жарысында Қазақстан құрамасының спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
— Владислав Киреев — 75-орын;
— Вадим Куралес — 95-орын;
— Әсет Дүйсенов — 99-орын;
— Милана Генёва — 83-орын;
— Алина Скрипкина — 91-орын;
— Дарья Климина — 93-орын.
Қазақстандық биатлоншылардың ешқайсысы із кесу жарысына жолдама ала алмады. Сондай-ақ ұлттық құрама масс-стартта өнер көрсеткен жоқ.