logo

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: Қазақстан эстафетада қандай нәтиже көрсетті

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: Қазақстан эстафетада қандай нәтиже көрсетті

Оберхофта (Германия) биатлоннан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күнінде ерлер арасындағы эстафеталық сайыс өтіп, оған Қазақстан құрамасы қатысты.

Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес пен Александр Мухиннен құралған команда 16-орынға тұрақтады.

Жеңіс Норвегия құрамасына бұйырды. Франция екінші нәтиже көрсетсе, Швеция үздік үштікті түйіндеді.