logo

Кирилл Герасименко Олимпиадада кеткен есесін қайтарып, Ислам ойындарында жеңімпаз атанды

Кирилл Герасименко Олимпиадада кеткен есесін қайтарып, Ислам ойындарында жеңімпаз атанды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында ол мысырлық Омар Ассармен кездесті.

Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Ассардан кеткен есесін қайтарды.

Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.



Күн шежіресі