Үстел теннисінен Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатының үздік ондығына енді

Үндістанда үстел теннисінен 28-ші Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстанның ерлер құрамасы құрлықтың үздік ондығына еніп, 10-орынды иеленсе, әйелдер құрамасы жарысты 13-орында аяқтады.
Биылғы біріншілік сенсациясыз өтті — ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарда да Қытай құрамалары жеңімпаз атанды. Финалдық кездесулерде қытайлық спортшылар қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен басым түсті: ерлер Гонконгті, ал әйелдер Жапонияны жеңді.
Жарыс қорытындысы:
Ерлер:
1 орын - Қытай
2 орын - Гонконг
3 орын - Жапония
3 орын - Тайбэй
Әйелдер:
1 орын - Қытай
2 орын - Жапония
3 орын - Сингапур
3 орын - Корея