Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Азия чемпионатында бақ сынайды

11-15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен 28-ші Азия чемпионаты өтеді.
Бұл жарысқа Қазақстан, Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Катар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония құрама командалары қатыспақ.
Еліміздің атынан Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова бақ сынайды.