«Каспий» беларусьтік қорғаушымен келісімшартқа қол қойды

«Каспий» беларусьтік қорғаушымен келісімшартқа қол қойды

«Каспий» клубы 26 жастағы беларусьтік қорғаушы Данила Нечаевпен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ ақтаулық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данила Нечаев — Могилевтің «Днепр» клубы академиясының түлегі. Әр жылдары ол Беларусьтің «Днепр», «Лида», «Дняпро», «Белшина», БАТЭ және «Торпедо-БелАЗ» командаларының намысын қорғаған.

Футболшының соңғы клубы павлодарлық «Ертіс» болды. Ол биылғы маусымда команда сапында 17 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.



Күн шежіресі