«Ертіс» құрамын Еурокубоктарда тәжірибесі бар қақпашымен толықтырды

«Ертіс» құрамын Еурокубоктарда тәжірибесі бар қақпашымен толықтырды

Павлодардың «Ертіс» футбол клубы 31 жастағы украиналық қақпашы Богдан Сарнавскиймен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Богдан Сарнавский — Киев футболының түлегі. Ол футболдағы алғашқы қадамын «Динамо» мектебінде бастап, кейін Киевтің «Арсенал» академиясында дайындықтан өтті. Дәл осы клубта кәсіби мансабын бастады. Әр жылдары қақпашы Украинаның «Арсенал», «Шахтер», «Ворскла», «Верес», «Львов», «Днепр-1» және «Кривбасс» клубтарында, Ресейдің «Уфа», Израильдің «Хапоэль», сондай-ақ Польшаның «Лехия» командаларында өнер көрсетті.

«Шахтер» сапында Сарнавский Украина кубогының жеңімпазы атанса, Польшаның «Лехия» клубымен бірге Бірінші дивизионның чемпионы болды.

Халықаралық деңгейде қақпашы Украинаның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады. Сонымен қатар, «Кривбасс» сапында УЕФА Еуропа лигасы мен Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчтарға қатысты.



Күн шежіресі