«Қайрат» португалиялық жартылай қорғаушымен келісімшартқа қол қойды
«Қайрат» 23 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Густаву Мендонсамен келісімшарт жасағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+ алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілетеме жасап.
Густаву Португалияның Брага қаласында дүниеге келген және «Бенфика» академиясының түлегі. Ересектер деңгейінде ол португалиялық «Канелаш 2010» және АВС клубтарының намысын қорғады. АВС сапында 2023/24 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Португалия чемпионатының жоғары дивизионына жолдама алды.
Өткен маусымда Мендонса АВС құрамында Португалияның Примейра-лигасында 22 матч өткізді. Жалпы ол клуб сапында 58 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ Густаву Португалияның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасында өнер көрсеткен.