«Атырау» Арсен Буранчиевпен келісімшартқа қол қойды

«Атырау» Арсен Буранчиевпен келісімшартқа қол қойды

«Атырау» клубы 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арсен Буранчиевпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Буранчиев — алматылық «Қайрат» академиясының түлегі. Бішкекте дүниеге келген футболшы жас кезінде Алматыға қоныс аударып, клуб академиясының барлық сатыларынан өтті. Кейін негізгі команда сапында 66 матч өткізіп, екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды және ел Кубогын жеңіп алды.

2025 жылғы маусымды Арсен «Қызылжар» сапында бастап, Қазақстан Премьер-лигасында 19 матчқа қатысты. Биылғы наурыз айында ол павлодарлық «Ертіс» клубына ауысқан болатын. Енді жартылай қорғаушы мансабын «Атырау» сапында жалғастырады.