Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін айтты

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев жартылай орта салмаққа көтеріліп, Шавката Рахмоновпен жекпе жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sport+
«Биыл Мухаммад пен Рахмонов жекпе жегінің жеңімпазымен кездесу қисынға келеді, ал Топуриямен күш байқасуда еш мән қалған жоқ. Топуриямен кездесуде тек қаржылық қызығушылық болуы мүмкін, бірақ мені ақша қызықтырмайды. Маған екінші белдік керек!», - деді Махачев CBS Sports сұхбатында.
Бірақ бұған дейін Ислам Белал екеуі бір залда жаттығатындықтан, онымен шықпайтынын айтқан еді.
19 қаңтар күні Махачев жеңіл салмақтағы UFC титулын төртінші рет қорғайды. Оның қарсыласы - Арман Царукян.