Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандық жеңіл атлеттер алғашқы күні қалай өнер көрсетті
Қазіргі таңда Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бірнеше бағдарламада жүлделі орындарға ие болды.
Қазақстан құрамасының сапында Аделина Земс (400 метр кедергілер арқылы жүгіру — 55.69), Вячеслав Земс (400 метр кедергілер арқылы жүгіру — 50.9), Ефим Тарасов (400 метр — 47.43), Аяна Болатбекқызы (1500 метр — 4:19.43), Мария Ефремова (ұзындыққа секіру — 6.01 м), Максим Балабин (сырықпен секіру — 5.20 м), Кристина Миньковская, Мария Щипачева, Анастасия Кононович, Елизавета Якименкодан құралған «Қазақстан-3» командасы (4×100 эстафета) алтын медаль жеңіп алды.
Анастасия Колода (400 метр кедергілер арқылы жүгіру — 59.66), Виктория Ан (100 метр — 11.97), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру — 5.91 м), Иван Товченик (сырықпен секіру — 5.10 м), Иван Тетерин, Алмат Тулебаев, Данил Сутжанов, Руслан Құрманалиевтен құралған «Қазақстан-1» командасы (4×100 эстафета) күміс медальға ие болды.
Ал Екатерина Колода (400 метр кедергілер арқылы жүгіру — 100.30), Александра Залюбовская (400 метр — 55.73), Эльнор Мухитдинов (400 метр — 47.52), Ақбаян Нұрмамбет (1500 метр — 4:25.59), Игорь Хрунин (1500 метр — 3:48.03), Арина Мишеева (100 метр — 12.24), Алмат Тулебаев (100 метр — 10.88), Алина Чистякова (ұзындыққа секіру — 5.91 м), Данил Полянский (сырықпен секіру — 4.80 м), Иван Иванов (ядро лақтыру — 18.67 м), Захар Левицкий, Александр Безруков, Ерасыл Мурзамухамбетов, Максим Мироновтан құралған «Қазақстан-2» командасы (4×100 эстафета), Диана Трофименко, Анастасия Цвиркунова, Карина Рахимова, Евгения Слепченкодан құралған «Қазақстан-3» командасы (4×100 эстафета) жарыста қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, турнир 1 шілдеде аяқталады.