Гүлжігіт Алыкулов: «Қайрат» — Академия түлектерін назардан тыс қалдырмайтын үлкен клуб

Мәскеудің «Торпедосында» ойнайтын шабуылдағы жартылай қорғаушы Гүлжігіт Алыкулов Алматының «Қайратындағы» кездері туралы айтты, деп хабарлайды Sport+
«Қайраттың базасы әлемдегі топ-10 кіретінін естідім. Әрине, ол жақты дамып, командаға көмектесуге болады. «Қайратта» 2 жыл жақсы ойнадым. Мені командаға шақырған Алексей Николаевич Шпилевский жұмыстан кеткенге дейін. Одан кейін Құрбан Бердыев келді. Бекиевич — ерекше бапкер, тәртіпті жақсы көреді, үйренеріміз көп. Шын жүректен алғысымды білдіремін. Еуропа Лигасында және Конференция Лигасында ойнадым, қайталанбас тәжірибе жинадым. Барлық ойыншыларды тізіп айту қиын, бірақ Вагнер Лав пен Нурик Әліппен әлі де араласамыз. «Қайрат» — Академия түлектерін назардан тыс қалдырмайтын үлкен клуб», — деді Алыкулов.