«Вальядолид» қазақстандық футболшысын испандық клубқа

«Вальядолидтің» 19 жастағы жартылай қорғаушысы Мұхаммед Енсебаев испандық Терсерде (10 топ) өнер көрсететін «Сеута Б» командасына жалға берілді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жалдау келісімі маусымның соңына дейін жалғасады.
Мұхаммед Енсебаев өткен жылдың сәуір айында «Вальядолидке» ауысты. Ойыншының жалға беру құны 50 мың еуроны құрайды.