Гаттузоның алғашқы сынағы: «Лацио» – «Мантова» матчының тікелей эфирі

Гаттузоның алғашқы сынағы: «Лацио» – «Мантова» матчының тікелей эфирі

2026/27 маусымы қарсаңында «Лацио» клубын Италия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дженнаро Гаттузо басқарды.

Гаттузо Италия құрамасымен бірге сәтсіздікке ұшырап, командасын әлем чемпионатына алып шыға алмады. Сонымен қатар оның жаттықтырушылық мансабында «Хайдук», «Марсель», «Валенсия», «Наполи», «Милан», «Пиза» және «Палермо» клубтары бар.

Дженнароның басты жетістігі — «Наполимен» бірге Италия Кубогын жеңіп алуы. Ал «Лациодағы» алғашқы емтиханы да Кубок додасына түседі.

Римдік клуб Италия Кубогының 1/32 финалы аясында өз алаңында В сериясының «Мантова» командасын қабылдайды.

«Лацио» — «Мантова» матчы 00:15–те басталады. Ойынның тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі