Жаңарған «Манчестер Сити» мен сыннан өткен «Арсенал»: Англия Суперкубогы матчының тікелей эфирі

Жаңарған «Манчестер Сити» мен сыннан өткен «Арсенал»: Англия Суперкубогы матчының тікелей эфирі

Англиядағы жаңа маусым ел Суперкубогы үшін өтетін матчпен басталады. Онда қазіргі чемпион «Арсенал» Кубок иегері «Манчестер Ситиге» қарсы ойнайды.

«Қалалықтар» үлкен өзгерістер кезеңін бастан өткерді. Көп жылдардан кейін клубтан Пеп Гвардиола кетіп, оның орнына Энцо Мареска тағайындалды.

Жаңа бапкердің талаптарына сай команда бірқатар футболшымен толықты. «Ноттингемнен» Элиот Андерсон 135 миллион еуроға сатып алынды. Сондай-ақ Франциядан Мати Детурбе мен Джеронимо Рулли келді.

Ал «Арсенал» құрамын азғана күшейтті. Лондондық клуб «Ньюкаслдан» Бруно Гимараешті қатарға қосты.

Микель Артета мен Энцо Мареска үшін бұл төртінші дерби болады. Бұған дейінгі үш кездесудің бірінде испаниялық маман жеңіске жетсе, екі ойын тең нәтижемен аяқталған.

Келесі кездесу 16 тамыз күні сағат 19:00–де өтеді.

Матчты Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.



Күн шежіресі