Суперлиганың 1-турының тағы бір сенсациясы: «Фенербахче» «Генчлербирлигиге» есе жіберді (видео)
«Фенербахче» 2026/27 маусымын сырт алаңда «Генчлербирлигиге» қарсы матчпен бастады.
«Канарейкалар» Талисканың дәл соққысының арқасында есеп ашты. Алайда алаң иелері бірінші таймда есепті теңестірді. Франко Тонгуя мергендік танытты.
Ал кейін Огүлджан Үлгүн «Генчлербирлигиге» жеңіс сыйлаған голды соқты. Нәтижесінде «Фенербахче» маусымның алғашқы матчында ұпайсыз қалды.