«Қайраттың» Еуропа лигасындағы қарсыласы анықталды
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Левскиге» жол бергеннен кейін Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.
Алматылықтардың қарсыласы — Бельгияның ең мықты клубтарының бірі «Андерлехт». Бельгиялық клуб гректің ПАОК командасын екі матчта да жеңді: Грекияда 1:0, ал Бельгияда 3:2 есебімен басым түсті.
«Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы алғашқы матч 20 тамызда Алматыда өтеді. Қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде ұйымдастырылады.