Лукаку мен Гринвудтың «Фенербахчедегі» алғашқы ойыны: «Генчлербирлиги» — «Фенербахче» матчының тікелей эфирі
«Фенербахче» өткен маусымды күміс жүлдемен аяқтап, жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін сырт алаңда «Генчлербирлигиге» қарсы өткізеді.
«Сары-көктер» шабуыл шебін Ромелу Лукаку және Мейсон Гринвудпен толықтырды. Сонымен қатар команда сапына Натан Аке де қосылды.
Мұндай трансферлерден кейін «Фенербахче» маусымның басты фавориттерінің біріне айналады. Алайда команда бұл мәртебесін алғашқы турдан-ақ дәлелдеуі тиіс.
Матч сағат 23:30–да басталады. Ойынның тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан көруге болады.