«Ертіс» – аман қалу жолында, «Тобыл» – жеңілістен кейін: матчтың тікелей эфирі

«Ертіс» – аман қалу жолында, «Тобыл» – жеңілістен кейін: матчтың тікелей эфирі

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 22-тур аясында Павлодарда «Ертіс» пен «Тобыл» кездеседі.

Екі команда да бұл матчқа жеңілістен кейін келеді. «Ертіс» соңғы турда сырт алаңда «Елімайдан» жеңіліп, қайтадан турнир кестесінің төменгі жағындағы қауіпті аймаққа түсті. Ал «Тобыл» Конференциялар лигасында «Партизанға» жол берді.

Қазір екі командаға да, ең алдымен, өз жанкүйерлерінің алдында жақсы нәтижемен оңалу маңызды.

Кімнің жолы болады? Мұны 16 тамызда білеміз. Матч сағат 17:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі