Футзалдан Қазақстан құрамасы Ақтауда Әзербайжанды ірі есеппен жеңді
Футзалдан Қазақстан құрамасы Ақтауда өткен жолдастық кездесуде Әзербайжан құрамасын 9:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Ойын басынан-ақ Какау шәкірттері басымдық танытып, нәтижелі шабуылдарымен көзге түсті. Қазақстан құрамасы сапынан Лео Игита, Әбдірасул Абдуманапұлы, Альберт Акбаликов, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Ақеділ Мадияров және Арнольд Кнауб гол соқты.
Қонақтар құрамында Новруз Казыханов пен Октай Рустамли мергендігімен көзге түсті.
Командалар арасындағы қарымта матч 15 сәуір күні Ақтауда өтеді.
Қазақстан — Әзербайжан — 9:2
Гол соққандар: Игита, Абдуманапұлы, Акбаликов, Оразов, Қайырбай, Мадияров, Кнауб — Казыханов, Рустамли