logo

Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады

Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының алғашқы кезеңіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

5-20 ақпан аралығында спортшылар Алматы облысындағы Спорттық даярлық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиынға 30 садақшы қатысады.

Айта кетейік, Азия кубогының алғашқы кезеңі 21-28 наурыз аралығында Бангкокта (Таиланд) өтеді.



Күн шежіресі