«Фейеноорд» бас бапкерін қызметінен босатты

«Фейеноорд» Чемпиондар лигасындағы келесі матчының алдында екі күн бұрын бас бапкер Бриан Прискемен қоштасты, деп хабарлайды Sport+.
Клуб бұл шешімін «түсініксіз нәтижелер мен командалық өзара байланыстылықтың жеткіліксіздігімен» түсіндірді.
8 ақпанда «Фейеноорд» «Спарта» клубын 3:0 есебімен жеңіп, үш матчтық жеңіліс сериясын тоқтатқан болатын. Қазіргі таңда команда Эредивизиде 39 ұпаймен 5-орында тұр.
Уақытша бас бапкер қызметін Паскаль Бокхарт атқарады.