logo

«Фейеноорд» Хименестің орнына Мексикадан ойыншы тапты

«Фейеноорд» Хименестің орнына Мексикадан ойыншы тапты

«Фейеноорд» Сантьяго Хименесті «Миланға» сатқанына байланысты оның орнын тағы бір мексикалық ойыншымен толықтырды. Клуб ресми сайтының мәліметінше, жаңа ойыншы – Стефано Карильо, деп хабарлайды Sport+.

Карильо Нидерланд клубына «Сантос Лагуна» сапынан ауысты. Алайда ол мексикалық клубтың негізгі құрамында бірде-бір матч өткізбеген.

18 жастағы шабуылшы КОНКАКАФ жасөспірімдер чемпионатының үздік сұрмергені атанған. Сонымен қатар ол Мексиканың жасөспірімдер және жастар құрамасына шақырту алған.

Роттердамдық клубтың келесі матчы 8-нен 9 ақпанға қараған түні өтеді. Бұл кездесуді Sport+ тікелей эфирде көрсетеді.