logo

Еурокубокқа жолдама: «Аталанта» — «Лацио» матчының тікелей эфирі

Еурокубокқа жолдама: «Аталанта» — «Лацио» матчының тікелей эфирі

Италия кубогының жартылай финалының қарымта ойынында «Аталанта» өз алаңында «Лацио» командасын қабылдайды. Кездесу Бергамо қаласындағы Гевисс Стэдиум стадионында өтеді.

«Лацио» бұл матчқа жоғары мақсатпен келіп отыр. Римдік клуб маусым бойы тұрақты ойын көрсетіп, ұлттық кубокта жеңіске жетуге үміткерлердің бірі саналады. Жартылай финалға апарар жолда олар «Милан» және «Болонья» сынды командаларды өтті. 

Өз кезегінде «Аталанта» турнирде сенімді ойын көрсетіп, финалға шығу жолында бірқатар мықты қарсыластарды жеңіп өтті. Команда «Дженоа» және «Ювентус» командаларына қарсы ойындарда басым болды.

Бұл қарсыластық екі команданың соңғы жылдардағы тартысты кездесулерімен де қызықты бола түседі. Қос команда арасындағы бірінші кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

«Аталанта» — «Лацио» кездесуінің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көре аласыздар. Ойынның басталуы 22 сәуірден 23 сәуірге қараған түні 00:00–де басталады.



Күн шежіресі