Еркін күрес бойынша ел чемпионатының алғашқы финалистері анықталды. Финалдық белдесулердің тікелей эфирі
Алматыда күрес түрлері бойынша Қазақстан чемпионатында еркін күрес жарысы басталды.
4 желтоқсанда бес салмақ дәрежесі бойынша финалистер анықталды:
61 келі: Айтақын – Нұрланбек
70 келі: Әлиев – Досжанов
86 келі: Сақаев – Хаджиев
125 келі: Ерғали – Қасымбек
Сондай-ақ қыздар арасында екі салмақ дәрежесінде финалистер белгілі болды:
65 келі: Суйдуова – Бекен
76 келі: Сыздыкова – Еркебаева
Финалдық белдесулер 5 желтоқсанда сағат 18:00-де өтеді. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.