Күрестен ел чемпионатының үшінші күніндегі жекпе-жектердің тікелей эфирі
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты жалғасуда. 2 желтоқсанда грек-рим күресі бойынша ерлер арасында бес салмақта, сондай-ақ қыздар арасында екі салмақта алдын ала белдесулер мен плей-офф кезеңі өтті.
Белдесулердің қорытындысы бойынша финалдық жұптар анықталды:
60 келі: Ербол Камалиев — Исхар Құрбаев
67 келі: Бағдат Сабаз — Мейіржан Шермаханбет
87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов — Тимур Оспанов
97 келі: Ерзат Ерланов — Нұрасыл Аманалы
50 келі (әйелдер): Лаура Ғаниқызы — Марал Тәнібергенова
59 келі (әйелдер): Мадина Аман — Виктория Хусаинова
Финалдық жекпе-жектер 3 желтоқсанда өтеді. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасы және sportplustv.kz сайты көрсетеді.