logo

Қазақстан чемпионатында әйелдер сынға түседі. Жарыстың үшінші күнінің тікелей эфирі

Қазақстан чемпионатында әйелдер сынға түседі. Жарыстың үшінші күнінің тікелей эфирі

Грек-рим күресінің өкілдері алты салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтап қойды, тағы бес балуан қалды.

Бұдан бөлек, әйелдер күресінің спортшылары да екі салмақта жүлделер үшін сайысқа түсті.

Қалған алты салмақ дәрежесіндегі белдесулер 3 желтоқсанда өтеді.

Қыздар 53, 55, 57, 62, 68 және 72 келі салмақ дәрежелерінде күш сынасады. Олардың қатарында ұлттық құраманың жетекшілері — Зейнеп Баянова, Ирина Казюлина, Эльмира Сыздыкова, Жамиля Бакбергенова және басқа да балуандар бар.

Алдын ала белдесулер 10:30–да басталады.

A төсенішіндегі белдесулерді sportplus_qaz YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге болады, ал негізгі төсеніштің трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі