logo

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Астаналық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Sport +.

Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті.

Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған.



Күн шежіресі