Мұстафа Өзтүріктің туған күніне орай велошеру өтеді

Белгілі велошабандоз Ернат Мелсұлы Рахметолла 23 қараша сенбі күні Астана қаласында велошеру өткізеді, деп хабарлайды Sport +.
Қазақстан Таэквондо федерациясының негізін қалаушы, таэквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің туған күніне орай ұйымдастырылған шеру «Байтерек» ескерткішінің алдынан басталып, сол жерде аяқталады.
Аты аңызға айналған дара тұлға Мұстафа Кәбенұлы Өзтүрікті еске алу, рухына тағзым ету, өнегелі өмірі мен еңбегін дәріптеуге үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған велошеру сонымен бірге қазақ пен түрікке ортақ ұл арқылы Қазақстан мен Түркияның бауырластығын, достығын насихаттайды.