Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің екінші ракеткасы 1/8 финалда Ресей өкілі Диана Шнайдермен кездесті.
Екі сетке созылған кездесуде Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Польша өкілі Ига Швентек болмақ.