Заңғар Нұрланұлы Джоковичпен жаттығуы туралы: Новак – өте ашық әрі жағымды адам

Заңғар Нұрланұлы Джоковичпен жаттығуы туралы: Новак – өте ашық әрі жағымды адам

Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы теннис рейтингінде бірінші орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Sport+ телеарнасындағы «Открытий разговор» бағдарламасына берген сұхбатында Уимблдон турнирі кезінде Новак Джоковичпен бірге өткізген жаттығуы туралы айтып берді:

«Маған Виктор Троицки жазып, Новак Джоковичпен бірге жаттығуды ұсынды. Бір минуттан кейін Яник Синнердің жаттықтырушысы Симоне Ваньоцци де жазып, бірге жаттығуды ұсынды. Бірақ Новак бір сағат жаттығуды ұсынса, Яник 30 минут жаттығуды ұсынды. Мен жаттықтырушыларыммен ақылдастым. Біз шөп төсеніште бір сағат жұмыс істеген пайдалырақ болады деп шештік.

Джоковичпен жаттығу кезінде Новактың өте сабырлы әрі ашық адам екенін байқадым. Оның бүкіл командасымен сөйлестік. Әрине, алғашқы үш минуттай қобалжыдым, кейін өзімді еркін сезіне бастадым. Новак өте жағымды адам екен. Жаттығудан кейін маған алғысын білдірді.

Мен оған 2016 жылы оның үйінде болған кезімдегі суретті көрсеттім. Ол мені есінде сақтағанын айтты», — деді Заңғар. 

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.