Екі басты жекпе-жек, Қайрат Әхметовтің дебюті және Асылжан Бақытжанұлына тексеріс. АСА 198 турнирінің тікелей эфирі
АСА лигасы 2026 жылғы алғашқы турнирін өткізеді. Жарыс 9 қаңтар күні Грозный қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің басты жекпе-жегінде лига чемпионы Ислам Омаров жартылай жеңіл салмақта өз чемпиондық белбеуін Әлихан Сүлеймановқа қарсы қорғайды.
Ко-мейн ивентте АСА лигасының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атағы сарапқа салынады. Белбеу үшін рейтингте 2 және 3-орында тұрған Дауд Шайхаев пен Хердесон Батиста жекпе-жекке шығады. Ал осы салмақтағы қазіргі чемпион — Абдул-Азиз Абдулвахабов.
Сондай-ақ негізгі кардта қазақстандық екі файтер өнер көрсетеді. ONE лигасының бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметов АСА лигасындағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — ресейлік Мансур Хатуев.
Асылжан Бақытжанұлы (жартылай ауыр салмақ рейтингінде 11-орын) Сулим Баталовпен (7-орын) кездеседі.
Турнирдің толық тікелей көрсетілімі Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.
Трансляцияның басталу уақыты — 19:35.