Санжар Тәжиев Hardcore жұлдызымен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық «Еркін Күш» лақап атымен танымал жауынгер Санжар Тәжиев NAIZA 80 турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Санжардың қарсыласы Hardcore лигасының жұлдызы Андрей «Панда» Мешков болады.
Жекпе-жек 31 қаңтар күні Алматы қаласында өтетін турнир аясында ұйымдастырылады.
Турнирдің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасы көрсетеді.