logo

«Alash Pride» Түркістанға қайта оралады. «Alash Pride» 109 турнирінің тікелей эфирі

«Alash Pride» Түркістанға қайта оралады. «Alash Pride» 109 турнирінің тікелей эфирі

26 маусым күні Түркістанда «Alash Pride» 109 турнирі өтеді. Бұл турнир аясында лиганың 77 келі салмақ дәрежесіндегі уақытша чемпион белдігі сарапқа салынады.

Аталған белдік үшін ресейлік Акбар Гаджиекберов (18-9) пен молдовалық Миха Бачу күш сынасады.

Сондай-ақ турнирге лиганың жұлдызды файтерлерінің бірі — Бобур Абдулазизов қатысады. Ол октагонды Әзірбайжан өкілі Эльнур Азизовпен бөліседі. Сонымен қатар Мухаммадризвон «Кипиш» Кахоров та жекпе-жекке шығады.

«Кипиш» лиганың ең көп талқыланатын жекпе-жектерінің бірін өткізіп, Өзбекстан өкілі Одильхон Камоловпен кездеседі.

Турнирдің басталуы — сағат 20:00. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube желісіндегі sportplustv\_qaz арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі