Исмағұлов Патрикті жеңді. Екі грэпплинг жекпе-жегі және Исбулаевтың кезекті жеңісі. Alash Pride 108 нәтижелері (видео)

Астанада лиганың мерейтойына арналған ауқымды «Alash Pride» 108 турнирі өтті.
Басты жекпе-жекте Дамир «Қазақ» Исмағұлов екінші раундта бразилиялық Алан Патрикті нокаутқа түсірді.
Қайрат Ахметов пен Генри Сехудо арасындағы жекпе-жекте төрешілер 8:4 есебімен жеңісті әйгілі америкалық спортшыға берді.
Екі жұлдызды грэпплинг жекпе-жегінде Арман Оспанов пен Ренан Баррао арасындағы қарсыласу тең нәтижемен аяқталды.
Сондай-ақ турнирде Саламат Исбулаев пен Ерхан Жұмағазы кезекті жеңістеріне қол жеткізді.